Қарағанды Назарбаев зияткерлік мектебі ашық есік күніне шақырады

Қарағанды Назарбаев зияткерлік мектебі ашық есік күніне шақырады

Ниет білдірушілер Қарағанды НЗМ сабақтарына қатысып, оқытушылармен сөйлесе алады. Ашық есік күніне алтыншы сынып оқушылары мен олардың ата-аналары шақырылады. Шара 7 желтоқсанда сағат 10:00-ден 14:00-ге дейін Кеншілер даңғылы, 62 мекен-жайы бойынша өтеді.

Қонақтар үшін экскурсия ұйымдастырылады. Олар химия-биологиялық бағыттағы білім алудың ерекшеліктері туралы айтып, барлық сұрақтарға жауап береді.

Анықтама телефоны: (8-7212) 50-78-55.