Балалар кітапханасы қарағандылықтарды Германия мәдениетімен таныстырады

Балалар кітапханасы қарағандылықтарды Германия мәдениетімен таныстырады

2–6 желтоқсан аралығында Абай атындағы Қарағанды балалар кітапханасы барлық ниет білдірушілерді Германия мәдениеті апталығына шақырады. Кіру тегін.

Бағдарламада:

2 желтоқсан сағат 12:00-де – Германия мәдениеті апталығының ашылуы: би флешмобы, интерактивті викторина;

3 желтоқсан сағат 16:00-де – Plätzchen Рождестволық тоқаш пен Рождестволық етік жасау бойынша шеберлік сабақтары;

4 желтоқсан сағат 15:00-де – "Барбара және Германия: қысқы мерекенің сиқыры" ақпараттық мәдени сағаты;

5 желтоқсан сағат 12:00-де – "Германияны білесіз бе?” квиз ойыны;

6 желтоқсан сағат 12:00-де – "Рапунцель: шытырман оқиға" мультфильм шоуы (Ағайынды Гриммдердің ертегісі негізінде).

Апта бойы кітапханада Қарағанды облыстық бейнелеу өнері мұражайы ұсынған картиналардың кітап көрмесі мен экспозициясы өтеді.

Кітапхана мекен-жайы: Бұқар жырау даңғылы, 30.