
Ұлттық тағам дайындау үшін Қарағанды облысы корейлерінің этномәдени бірлестігінің өкілдері 170 келі қырыққабат пайдаланған.

Биыл "Кимчи" жобасы жетінші рет өтті, алғаш рет 2017 жылы болған.

– Бұл жобаның мақсаты – дәстүрді сақтау және оны аға буыннан болашақ ұрпаққа жеткізу. "Кимчи" жобасы әрдайым ойын-сауық, отбасылық форматта өтеді, ешқандай насихат немесе ақылсыну болмайды. Кимчиді дайындау кездейсоқ емес: тағам ЮНЕСКО-ның материалдық емес мәдени мұра тізіміне енгізілген, – дейді корей этномәдени бірлестігінің төрағасы Лилия Ким.

Биыл іс-шараны алғаш рет жастар ұйымдастырды. Дайын кимчи контейнерлерге салынып, достар мен таныстарға таратылды. Контейнерлерге арналған жапсырмалардың дизайнын да этномәдени бірлестіктің жас мүшелері жасаған.

– Жоба ережелерінің бірі – тағамнан дәм тату үшін баршаға тарату. Биыл біз Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелеріне тараттық. Олар біздің жоба туралы біледі және оны күтеді. Достарымыз, әріптестеріміз, іскер топ мүшелеріміз де ауыз тиді, – деді Лилия Ким.

"Кимчи" жобасын одан әрі жүргізу жоспарлануда, өйткені оның басты мақсаты – әрқашан өзекті болып табылатын тәжірибемен бөлісу және ұрпақтар арасындағы өзара іс-қимыл.
