Қарағанды облысында шұғыл хабарландыру жүйесінің жұмысы тексеріледі

Қарағанды облысында шұғыл хабарландыру жүйесінің жұмысы тексеріледі

Қарағанды облысында 21 қарашада сағат 11:00-де хабарландыру жүйелерін жоспарлы тексеру өтеді. "Қыс-2024" Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы шеңберінде бүкіл өңір бойынша сиреналар іске қосылатын болады.

"Құрметті Қарағанды облысының тұрғындары мен қонақтары, Төтенше жағдайлар департаменті аумақтық деңгейдегі құлақтандыру жүйесінің дайындығын тексеру мақсатында "Қыс-2024" Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуын өткізу шеңберінде 2024 жылдың 21 қарашасында сағат 11:00-де "Баршаның назарына!" барлық қол жетімді дыбыстық электр сиреналары іске қосылады", – делінген хабарламада.

Аймақтың ТЖД тыныштық сақтауды және дүрбелең мен қауесетке бой алдырмауды сұрайды.

@112_krg