Қарағандыда 18–22 қараша аралығында ХХХ Жазғы Олимпиада ойындарының чемпионы ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Серік Сәпиевтің жүлдесіне арналған XII ашық республикалық турнир өтеді. Жарысқа Қазақстанның барлық облыстарынан 200-ден астам боксшы, сондай-ақ Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Грузия өкілдері қатысады. Жанкүйерлер үшін кіру тегін.
Жарыс 2009–2010 жылдары туған ұлдар мен қыздар арасында өтеді.
Турнирдің ашылуы 18 қараша күні сағат 15:00-де Серік Сәпиев атындағы Бокс орталығында өтеді (Республика даңғылы, 11/3).
Негізгі ақпарат Instagram әлеуметтік желісінде: krg_boxing_federation.
Ұйымдастырушылар: Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, Sport Qory спортты қолдау қоры, бас серіктес "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ.