Қарағандыда «Өнеріміз саған, Қазақстан!» атты облыстық фестиваль өтті. Қазақтың әні мен биі, домбырсы мен қобызы дәріптелді.
Бұл фестиваль қазақ ұлттық өнерін меңгерген этномәдени бірлестіктердің өкілдері арасында ұйымдастырылды.
Байқау үш аталым бойынша өтті: "Вокал" (Қазақ тіліндегі әндер), "би" (Қазақ ұлттық биі), "Ұлттық аспаптарда шығарма орындау" (қазақ халық музыкалық аспаптары).
Шараға облысқа қарасты қала аудандардан келген өкілдер қатысты.
Фестиваль жеңімпаздары:
- Юнус Магомадов-Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының "Вайнах" шешен-ингуш этномәдени бірлестігі " ҚБ;
- "Киппым" би ансамблі – "Қарағанды облысы корей этномәдени бірлестігі"ҚБ;
- Карина Түсіпбекова – Бұқар Жырау ауданы Новоузенка кентінің Мәшһүр Жүсіп атындағы жалпы білім беретін мектептің 7-сынып оқушысы.
Барлық қатысушылар дипломдармен, сертификаттар және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Фестивальді Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының "Қоғамдық келісім" КММ ұйымдастырды.