Қарағандыдағы концертте танымал кинофильмдердің музыкасы шырқалады

Қарағандыдағы концертте танымал кинофильмдердің музыкасы шырқалады

Dybys_Symphony музыкалық жобасы Minimal Sound: Ludovico Einaudi etc концертін дайындады. Музыкалық кеш 21 қыркүйекте сағат 18:00-де "Шалқыма" концерт залында өтеді.

Көрнекті итальяндық композитор Людовико Эйнаудидің танымал шығармалары, оның "1+1" фильміндегі саундтректері, сондай-ақ Ханс Циммер, Ян Тирсен, Джо Хисаиши, Макс Рихтер және Филип Гласс сияқты минималистік композиторлардың шығармалары шырқалады.

Dybys Symphony – оркестрлік музыка концерттерін ұйымдастыру бойынша Қарағандыдан шыққан жоба. Өнер жанкүйерлеріне аспаптардың синтезі естілетін музыкалық кештер ұсынылады.

Жетекшісі – Әбілқайыр Сағымбаев.