Қарағандыда колледждер мен университет студенттері үшін мансап апталығы өтіп жатыр

Қарағандыда колледждер мен университет студенттері үшін мансап апталығы өтіп жатыр

Қарағанды облысының колледждері мен университеттерінің студенттері тау-кен металлургия саласындағы жұмыс туралы мамандық иелерінен естіп-білу мүмкіндігіне ие болды.

Qarmet компаниясының бастамасымен мансап апталығы басталды. 

Оған 450-ден астам болашақ техниктер қатысады.

Қарағанды жоғары политехникалық колледжінде ашылған кездесу 30 мамырға дейін өтеді.

"Компанияның тұсаукесерінде болашақ мамандар үшін Qarmet қызметі туралы промо-роликтер, шахтаға VR-экскурсия, голограмма форматындағы компания қызметкерлерінің арнайы киімдерінің түрлері көрсетілген. Бағдарламаның маңызды бөлігі Компания басшылығының студенттермен "сұрақ-жауап" форматындағы диалогы болды. 

Кездесуге қатысушылар еңбек жағдайлары, Qarmet мамандарының жалақысы, мансаптық өсу мүмкіндіктері туралы өз сұрақтарын қойды", – делінген компания хабарламасында.

"Qarmet" АҚ Бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Евгений Хицконың айтуынша, мансап апталығының мақсаты – тау-кен металлургия саласы туралы, индустрияның флагманы болып табылатын компанияда жұмыс істеу неліктен маңызды және мәртебелі екенін жеткізу.