Гоголь кітапханасы қарағандылықтарды «Сал домбыра, Сарыарқа» челленджіне қатысуға шақырады

Гоголь кітапханасы қарағандылықтарды «Сал домбыра, Сарыарқа» челленджіне қатысуға шақырады

Ұлттық домбыра күніне орай Н. В.Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы «Сал домбыра, Сарыарқа» челленджін ұйымдастырды. Биылғы жылы COVID-19 пандемиясына байланысты барлық мерекелік іс-шаралар онлайн режимінде өтеді.

29 маусымнан бастап әлеуметтік желілерде «Сал домбыра, Сарыарқа» челленджі басталды. Шараға қатысу үшін домбыра ойнағаныңыз туралы бейне түсіріп, оны өз парақшаңызда жариялау қажет. Бейнені #karlibkz, #dombyrakrg және #dombyrakarlib хэштегтерімен белгілеу керек. Челленджге қатысатын үздік музыканттар кітапханадан естелік сыйлықтар алады.

5 шілдеде сағат 16.00-де Гоголь атындағы кітапхананың @karlib_kz Instagram –парақшасында онлайн-жарыстың қорытындысы шығарылады. Жеңімпаздар тікелей эфирде жарияланады.

Кітапхана парақшасында 1 шілде күні сағат 11.00-де тағы бір тікелей эфир өтеді. Ұлттық аспаптарда ойнау пәнінің оқытушысы Ержан Тұрсынов домбыра жасау процесін көрсетеді. Ол онлайн режимінде аспапты жасау кезіндегі дәстүрлі тәсілдер мен амалдар туралы баяндайды.

Естеріңізге сала кетейік, Ұлттық домбыра күні Қазақстанда 2018 жылы жарияланған болатын. Ол шілденің бірінші жексенбісінде атап өтіледі. Биыл аталмыш мереке 5-ші шілдеге түседі.