"Қазақстан барысы – 2024" супертурниріне Қарағанды облысының атынан кім қатысатыны белгілі болды

"Қазақстан барысы – 2024" супертурниріне Қарағанды облысының атынан кім қатысатыны белгілі болды

Шахтинск қаласында қазақ күресінен "Сарыарқа Барысы" облыстық турнирі өтті. Ұлттық күрестің жанкүйерлері Қарағанды облысының ең мықты 27 палуанының қызықты жекпе-жегін тамашалады. Нәтижесінде "Қазақстан барысы – 2024" супертурнирінің кілеміне шығатын екі спортшы анықталды. 

Бірінші орын үшін болған кездесуде Бұқар Жырау ауданының өкілі Ерқанат Молдағұлов Нұра ауданының балуаны Олжас Исахановтың жауырынын жерге тигізіп, жеңіске жетті. Енді осы екі палуанда шілде айында Астанада өтетін "Қазақстан барысы" республикалық турниріне жолдама алып отыр.

Үшінші орын Шахтинск қаласынан Уатхан Оңғарға бұйырды.

Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінің ақпараты бойынша