Қарағандыда Бірлік күні қарсанында жарыс өтеді

Қарағандыда Бірлік күні қарсанында жарыс өтеді

Қарағандыда жеңіл атлетикадан «Бірлік жүгірісі» көктемгі жарысы өтеді. Спорт мерекесі 28 сәуір, жексенбі күні Орталық мәдениет және демалыс саябағында 10:00-де басталады.

Старт саябақтың басты сахнасында жарияланады. Шараға өңірлік ҚХА мүшелері мен спорт сүйер азаматтар шақырылады. Қашықтық 1000 метрді құрайды.

Ұйымдастырушылар жарыстың мақсаты – еліміздегі барлық этностарды спорт пен салауатты өмір салтының төңірегіне топтастыру екенін атап өтті.