Қарағандылық құтқарушылар Солтүстік Қазақстан облысынан оралды

Қарағандылық құтқарушылар Солтүстік Қазақстан облысынан оралды

Қарағанды облысының құтқарушылары Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынына қарсы жұмыстарды жүргізу бойынша алдарына қойылған міндеттерді орындап, үйлеріне оралды. Қызметкерлерді ТЖД басшылығы мен туыстары қарсы алды.

Көрсетілген көмек үшін қарағандылықтар Қызылжар ауданы әкімінің орынбасарының алғыс хатын алды.

Ол Қарағанды облысы ТЖД басшылығы мен жеке құрамға алғысын білдірді.

"Біз жеке құрамға батылдығы үшін, қызметкерлеріміздің отбасыларына – шыдамдылығы үшін алғыс айтамыз", – деп атап өтілген алғыс хатта.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша