Қарағанды облысының спорт ұйымдарының қызметкерлері арасында өткен турнирге 400-ден астам адам қатысты

Қарағанды облысының спорт ұйымдарының қызметкерлері арасында өткен турнирге 400-ден астам адам қатысты

Қарағандыда спорт ұйымдарының қызметкерлері арасында екі күндік облыстық турнир өтті. 

Жеңіл атлетикадан облыстық мамандандырылған олимпиадалық резерв мектебінің командасы жеңімпаз атанды.

Жарыс үшінші рет өтуде. Биылғы турнирге Қарағанды өңірінің қалалары мен аудандарындағы 39 спорт мектебінің қызметкерлері қатысты. Додаға жаттықтырушылар немесе тәрбиеленушілер емес, басшылық құрам, әдіскерлер, бухгалтерлер, техникалық персонал қатысты. 

Жарыс спорттың 10 түрі бойынша өтті: бадминтон, асық ату, үстел теннисі, дартс, волейбол, арқан тарту, бес асық, садақ ату, дойбы және жеңіл атлетика.

– Тартыс өте күрделі болды. Спартакиадаға спорт мектептерінің әкімшілік-шаруашылық бөлігі ғана қатысты. Биыл біз қатысушылар санын көбейту үшін тағы төрт спорт түрін қостық. Турнир адамдарды спортпен шұғылдануға, салауатты өмір салтын ұстануға ынталандырады. Мысалы, дартс бойынша жарысқа дәрігер қатысты. Ол 70 жаста болса да пәрменді және жас әріптестерімен қуана бәсекелескенін айтады. Бұл сайыс қатысушылардың спортпен шұғылданып, барлығына өздерінің жасырын таланттарын көрсетуге мүмкіндік береді, – дейді Қарағанды облысының жеңіл атлетика бойынша ОБЖСМ басшысы Нұрлан Түсіпов.

Абай ауданының БЖСМ әкімшілік-шаруашылық бөлімі директорының орынбасары Тамариден Зейнешев турнирге бірінші рет қатысып отырған жоқ.

– Мен дартс пен арқан тартыста өз күшімді сынап көрдім. Жарыстағы Атмосфера керемет, барлығы бір-бірін қолдайды. Турнир, әрине, қажет. Бұл өзіңізді формада ұстаудың әдісі деп білемін. Жалпы, спортпен көбірек шұғылдану керек, өйткені тәні саудың жаны сау, – дейді Тамариден Зейнешев.

Қарсыластардың дайындығы мықты болғанын Шет ауданы Ағадыр кентінің БЖСМ әдіскері Айжан Ақылбекова да атап өтті.

– Қарсыластар мықты, жаттығып жүргендері көрініп тұр. Мен бес асық пен үстел теннисінен жарысқа қатыстым. Жеңемін деп ойламадым, бастысы - қатысу. Мен үшін спорт – салауатты өмір салты және жас ұрпаққа үлгі, – дейді Айжан Ақылбекова.

Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды жеңіл атлетикадан ОМОРБЖМ, екінші орынды Осакаров ауданы Молодежный кентінің БЖСМ, үшінші орынды велоспорттан ОМОРБЖМ иеленді.

Жеңімпаздар мен жүлдегерлер дипломдармен және медальдармен, сондай-ақ номинациялар бойынша бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Жарысты Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, "Жеңіл атлетикадан ОМОРБЖМ" КМҚК ұйымдастырды.

Фото Қарағанды облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметінен