Өнер сүйер қауымды Ержан Базарбековтың шығармашылық кешіне шақырады

Өнер сүйер қауымды Ержан Базарбековтың шығармашылық кешіне шақырады

Қарағанды кеншілер мәдениеті сарайында 26 сәуір сағат 18:30-да әнші Ержан Базарбековтың «Мәдениет үздігі» шығармашылық кеші өтеді. Кіру тегін.

«Әніме бір басайын "Алтыбасар"» концертінде ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Елмұра Жаңаберген, Гүлмира Сарина, Айгүл Қосанова, Ардақ Балажанова, Ырысты Ержанқызы, Мадияр Сүлейменов және Нұрмұхамед Жақанов қонақ болады.

Сондай-ақ, «Арқа сазы» фольклорлық ансамблі өнер көрсетеді.

Көркемдік жетекшісі – Мәдениет қайраткері Байғара Сәдуақасов.

Концерттің жүргізушісі – әнші және журналист Жасұлан Наурызбайұлы.