Оқушылар "Жас құтқарушы" байқауының сынағынан өтті

Оқушылар "Жас құтқарушы" байқауының сынағынан өтті

Қарағандының орталық саябағында оқушылар арасында "Жас құтқарушы" қалалық олимпиадасы өтті. Биыл дәстүрлі жарысқа 8 команда қатысты.

Олимпиаданы Қарағанды қаласының ТЖ басқармасы ұйымдастырды. Жарыстың басты мақсаты – оқушыларға төтенше жағдайларда қолданылатын әрекеттерді үйрету, дағдыларын арттырып, кәсіптік бағдар беру болып табылады.

Оқушылар теориялық және тәжірибелік білімдерін көрсете алды. Жарыс бес кезеңде өтті. Суға батып бара жатқан адамды құтқару, өрт сөндіру, зардап шеккен женға алғашқы медициналық көмек көрсетулері керек болды.

Қатысушылар газқағарлар мен қорғаныс костюмдерін кию бойынша нормативтерді орындады.

– "Жас құтқарушы" олимпиадасы 20 жылдан астам уақыт бойы өткізіліп келеді. Биыл жеткіншектер құтқарушы ретінде қандай да бір төтенше жағдайға төтеп беретіндей қосымша міндеттер болды. Жыл сайын Қарағандыда "Жас құтқарушы" секциясына барғысы келетін балалар саны артып келе жатқанын атап өткім келеді. Егер өткен оқу жылында 892 баланы қамтыған 56 үйірме болса, биыл 67 үйірмеде мыңнан астам бала бар. Менің әріптестерімнің арасында "Жас құтқарушы" үйірмесінде болғандар бар, менің де құтқарушы болуыма ынталандырған осы үйірме болды, – дейді Қарағанды қаласы ТЖ басқармасының аға инженері Петимат Якубова.

Олимпиадаға қатысқан әр команда 10 адамнан тұрды. Бұл сегіз бала және екі ересек адам (команданың жаттықтырушысы және жетекшісі). Барлық ұжымдар жоғары дайындық деңгейін көрсетті, деп атап өтті ұйымдастырушылар.

Жарыс қорытындысы бойынша бірінші орынды № 45 гимназия командасы иеленді. Екінші орын А.Байтұрсынұлы атындағы мектеп-гимназиясында. Жеңімпаздар үштігін № 32 мектеп түйіндеді.