Қарағанды галереясында Сергей Чеченовтың цифрлық кескіндеме көрмесі өтеді

Қарағанды галереясында Сергей Чеченовтың цифрлық кескіндеме көрмесі өтеді

Қарағанды қаласының "Алтын ғасыр" галереясында 27 сәуірде ҚР Суретшілер Одағының мүшесі Сергей Чеченовтың жеке көрмесі ашылады. "Бейне" экспозициясында "Компьютерлік графика" техникасында орындалған 16 жұмыс ұсынылатын болады.

Галерея қабырғаларына ілінген жұмыстар автордың соңғы бірнеше жылда жасаған туындылары. Суретші көрерменмен бөліскісі келетін ең жақсы цифрлық картиналарын таңдағанын айтады.

Галерея қабырғаларына ілінген жұмыстар автордың соңғы бірнеше жылда жасаған туындылары. Суретші көрерменмен бөліскісі келетін ең жақсы цифрлық картиналарын таңдағанын айтады.

"Қарағандылық Сергей Чеченов шағын пішінді мүсіндерімен танымал, онда ол көбінесе жануарлар жанрын таңдайды. Жаңа пішіндерді, құралдарды және материалдарды үздіксіз іздеу барысында ол өз туындыларын жасау үшін шығармашылық шеберханасын компьютер арқылы виртуалды аумаққа көшіреді. Енді монитор суретшіге кенеп, ал тышқан қылқалам мен қарындаш ретінде қызмет етеді", – дейді көрмені ұйымдастырушылар.

Суретшінің айтуынша, компьютерлік графика эксперименттің бір түріне айналған.

– 9 жыл бұрын шығармашылықтың жаңа түрімен айналыса бастадым. Суреттің бұл жанрына 5-6 жылдан бері шындап көштім. Адам әрқашан дамып, жаңа нәрсені сынап көруі керек. Көбінесе мен жануарларды саламын, балықтар мен құстар өте ұнайды. Бірақ кейде адамдарды да саламын. Бұл белгілі бір стильге келтіріліп, өзгертілген бейнелер, кейде шындыққа жақын, кейде абстрактілі, – дейді Сергей Чеченов.

Көрме көрермендерді компьютерлік графиканың керемет мүмкіндіктерімен таң қалдырады және суретшінің қиялынан туған көптеген виртуалды әлемдерге саяхаттауға мүмкіндік береді.

Экспозицияның ашылуы сағат 14.00-де.

Көрме 15 мамырға дейін жалғасады.

Кіру тегін.

"Алтын ғасыр" галереясының мекенжайы: Комиссаров көшесі, 35а.