Қарағандылық жастар туған қаласы туралы бейнеролик жасап, сыйлық ала алады

Қарағандылық жастар туған қаласы туралы бейнеролик жасап, сыйлық ала алады

Қарағанды Жастар ресурстық орталығы "Менің сүйікті қалам" бейнероликтер байқауын жариялады. Шара қаланың 90 жылдығына орай өткізіледі. Байқауға қатысу үшін Қарағандының тарихы мен мәдени жетістіктері туралы сюжеттер түсіру қажет.

Қатысушылардың жасы – 14-тен 35 жасқа дейін. Жұмыстар 2024 жылғы 22 сәуірден 22 мамырға дейін қабылданады. Жүлде қоры – 600 мың теңге. Үздік бейнероликтің авторы 300 мың теңге, екінші орын үшін – 200 мың теңге, үшінші орын үшін – 100 мың теңге алады.

Өтінім үлгісі, қатысу ережелері және байқау туралы толық ақпарат Instagram парақшасында.