Қарағандылықтарды I Халықаралық "Азия дауысы" фестивалінің лауреаты Серік Көшкінбаевтың шығармашылық кешіне шақырамыз

Қарағандылықтарды I Халықаралық "Азия дауысы" фестивалінің лауреаты Серік Көшкінбаевтың шығармашылық кешіне шақырамыз

"Шалқыма" концерт залында 27 сәуір сағат 17:00-де "Азия дауысы" I Халықаралық фестивалінің лауреаты "Роксонаки" тобының солисі Серік Көшкінбаевтың шығармашылық кеші өтеді. Кіру тегін.

Өнер сүйер қауымның алдында Тәттімбет атындағы Қазақ халық аспаптарының академиялық оркестрі, Нұрбота Көшкінбаев, Гүлнар Жұмаева және Қали Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің солистері өнер көрсетеді.

"Еділ бол да жайық бол", "Өлмегенде не өлмейді", "Әлле бөпем", "Тіл", "Ұлы он беске келгенше", "Абзал жан" және т. б. шығармалар орындалады.

Дирижерлер - Мәдениет саласының үздігі Ерлан Бақтыгерей және халықаралық байқаулардың лауреаты Әбілқайыр Сағымбаев.

"Роксонаки" – 90-шы жылдары құрылған рок тобы. Ұжым этникалық қазақ музыкасын орындады.