Қарағандылық хирургтар ел бойынша алғаш болып тобық буынын ауыстыру отасын жасады

Қарағандылық хирургтар ел бойынша алғаш болып тобық буынын ауыстыру отасын жасады

Профессор Х. Ж. Мақажанов атындағы көпсалалы аурухананың хирургтары тобық буынын ауыстыру бойынша операция жасады. Мұндай ота Қазақстанда алғаш рет жасалып отыр.

Эндопротездеу кезінде тобық буыны жасанды буынға ауыстырылды. Қарағандылық мамандардың айтуынша, мұндай операцияларға сұраныс бар. Қазірдің өзінде пациенттер тізімі құрылған.

– Тобықты протездеу – буынды ауыстыру бойынша технологиялық тұрғыдан күрделі операциялардың бірі. Жастар арасында сұраныс өте жоғары. Жас адамдардың тобығын жарақаттап алу көрсеткіші артып келеді. Біз табанның өкше жақ бөлігінде түзету қосымша әдістермен кешенді операция жасадық. Науқас отадан кейін өзін жақсы сезінеді, жағдайы жақсы, – дейді травматологиялық орталықтың басшысы Берік Төлеубаев.

Операция шеберлік сабақ аясында өтті, оған Мәскеудегі С. С. Юдин атындағы қалалық клиникалық аурухананың мамандары қатысты.

Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының ақпараты бойынша