"Таза Қазақстан" экологиялық акциясы халықты тазалық жолында біріктірді

"Таза Қазақстан" экологиялық акциясы халықты тазалық жолында біріктірді

Өткен демалыс күндері Қарағанды облысының тұрғындары "Таза Қазақстан" акциясы аясында өз қалалары мен аудандарында тағы да сенбіліктер ұйымдастырды. 

Өткен апталық – "Киелі мекен" деп аталды.

Мәселен, Бұқар Жырау ауданында 15–20 сәуір аралығында бес сенбілік өтті.

Оларға 230 ұжым мен 6125 адам қатысты.

36 бірлік арнайы техника жұмылдырылды, жалпы ауданы 4200 шаршы метрді құрайтын төрт саябақ пен сегіз алаңның аумақтарынан 1200 тонна қалдық шығарылды.

"1346 аула тазаланды, 17 рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісі жойылды, 61 ағаш егілді, 83 хабарлама жазылды және тұрғындармен 16 жиын өткізілді, – деп хабарлады Бұқар жырау ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі. – Рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерінің пайда болуын және қоршаған ортаның ластануына жол бермку үшін биыл Керней, Петровка, Үштөбе, Новоузенка, Самарқанд, Суықсу және Үміткер ауылдарында 72 бейнебақылау камерасын орнату жоспарлануда. Сондай-ақ, Доскей ауылындағы аулаларды абаттандыру, үш балалар ойын алаңын, бір спорт алаңын, балалар алаңдары бар екі шағын футбол алаңын орнату жоспарланған. Сонымен қатар, ауданда 449 жаңа жарық шамдары мен 6 иесіз жануарларға арналған қаша орнату жоспарлануда".

Нұра ауданында өткен демалыс күндері 517 ұйым жұмылдырылып, 2983 адам сенбілікке қатысты. Аумақтарды тазартуға 149 бірлік арнайы техника жұмылдырылды. 

Жалпы ауданы 390 мың шаршы метрден асатын саябақтар мен гүлзарлардың аумағы тазартылды. ҚТҚ полигондарына 655 тоннадан астам қалдық шығарылды.

Ескерткіштер мен мемориалдар аумағында тазалау және абаттандыру шаралары өтті.

Саран қаласында сенбілік 500-ге жуық адамды біріктірді.

Жалпы күш-жігерімен олар 7 рұқсат етілмеген полигонды жойып, 28 гектар аумақты қоқыстан тазартты.

Полигондарға 157 тонна қоқыс шығарылды. 

"Таза Қазақстан" акциясы басталғаннан бері Саранда 510 тоннадан астам қатты тұрмыстық қалдықтар жиналды.