Саранда Білім аллеясы пайда болады

Саранда Білім аллеясы пайда болады

Саранда ескі алаңды өзгертіп, одан Білім аллеясы жасалады деп шешім қабылданды. Педагогикалық қоғам мен оқушылардың бастамасын қала әкімдігі қолдады.

Аллея № 1 қалалық мектепке қарама-қарсы орналасқан. Алғашқы қадамдар жасалды – аумақ тазартылды және қиыршық тас себілді.

"Алдағы уақытта әр түрлі шағын сәулет пішіндерін, ойын алаңын орнату жоспарлануда. Әсіресе қала тұрғындары үшін дүңгіршек жабдықталады. QR кодтарының көмегімен кез-келген тұрғын өзін қызықтыратын кітапты жүктей алады. Осылайша тұрғындар буккроссингтің белсенді қатысушылары болады", – деп хабарлады қала әкімдігі.

Аумақтың тазалығын мектеп оқушылары-экобелсенділер бақылайды.

Саран тұрғындары мен кәсіпкерлерін 11 мамырға дейін жалғасатын "Таза Қазақстан" республикалық акциясы аясында көшелерді тазалауға шақырады.