Қарағандыда композитор Тілеуғали Қышқашбаевтың шығармашылық кеші өтеді

Қарағандыда композитор Тілеуғали Қышқашбаевтың шығармашылық кеші өтеді

Қарағанды кеншілер мәдениет сарайында 10 сәуір сағат 18:30-да ҚР еңбек сіңірген қайраткері, композитор және профессор Тілеуғали Қышқашбаевтың "Шаттық елім" шығармашылық кеші өтеді.

Музыкалық кеш қонақтарының алдында ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Бақтияр Тайлақбаев, Бауыржан Исаев, Қарағанды эстрадалық-симфониялық оркестрі және Қ. Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің солистері өнер көрсетеді.

Дирижерлер – ҚР еңбек сіңірген қайраткері Игорь Андрейченко және халықаралық байқаулардың лауреаты Әбілқайыр Сағымбаев.

Тілеуғали Қышқашбаев – композитор, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, қоғам қайраткері. 1957 жылы Балқаш қаласында дүниеге келген. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірген. "Шаттық ел" симфониясының, оркестрлер мен ішекті квартетке арналған төрт симфониялық поэманың, 60-тан астам әннің авторы.

Кәсіби және шығармашылық қызметте қазақ тілін, ұлттық өнерді, музыканы жаңғыртуға және дамытуға зор көңіл бөледі.

"Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері" атағына ие болды, "Парасат" және "Құрмет" ордендерімен, мерейтойлық медальдармен марапатталған. Балқаш қаласының Құрметті азаматы.

Анықтама телефондары: 41-13-14, 41-22-30.