Теміртау жас көрермендер театры махаббат хикаясы үшін халықаралық форум дипломымен марапатталды

Теміртау жас көрермендер театры махаббат хикаясы үшін халықаралық форум дипломымен марапатталды

Prospect балалар мен жасөспірімдерге арналған Теміртау театры "М.@rt.контакт” Халықаралық жастар театр форумынан сыйлықпен оралды. "Просто удивительная дура" драмасын қазылар алқасы "Махаббат тақырыбын ашқаны үшін" арнайы дипломымен марапаттады.

"М.@rt.контакт" форумы Беларусь елінің Могилев қаласында 17-ші рет өтті. Биыл негізгі бағдарлама Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Армения, Болгария және Ресейден 20-дан астам театр қойылымдарын қамтыды.

– Біз бұл форум туралы бұрыннан білдік, ол өте мазмұнды және қызықты. Ұйымдастырушылар әлемнің әртүрлі елдерінен кәсіби және мықты ұжымдарды шақырады. Сондықтан біз ұйымдастырушылармен байланысып, сауалнаманы толтырып, өз спектакліміздің бейнесін ұсындық. Қойылымымыз ұнағандықтан, олар бізді шақырды, – дейді театр директоры Владимир Дроздецкий.

Жол ұзақ болғандықтан теміртаулықтар қандай спектакль ұсынатынын ойланды. Таңдау "Просто удивительная дура" қойылымына түсті. Бұл спектакль бірнеше жылдан бері театр репертуарында болған және көрермендер арасында сұранысқа ие. Маңызды плюс – костюмдер мен реквизиттер чемодандарға оңай сыйып кетеді.

Спектакльді Светлана Баженованың "Как Зоя гусей кормила" пьесасы негізінде Владимир Дроздецкий қойды. Бұл әртүрлі интерпритациядағы махаббат хикаясы. Ананың ұлына деген тұншықтырар махаббаты. Жас жігіттің бойжеткенге деген сүйіспеншілігі. Кейіпкерлердің бірінің өзіне, тартымдылыққа деген махаббаты. Спектаклдің басты сұрағы – біз біреуді жақсы көргенде, оған зиян тигізбейміз бе?

– Бұл шын мәнінде өте күрделі оқиға. Могилевте спектакль аяқталғаннан кейін алдымен кідіріс, үнсіздік болды. Содан кейін көрермендер орнынан тұрып, қол шапалақтай бастады. Көптеген адамдар көздеріне жас алды, оларды біздің спектакль қатты толғандырды. Айта кету керек, біз сәрсенбіде сағат 14:30-да Могилев театрының сахнасында өнер көрсеттік, соған қарамастан зал толы болды, – деді Владимир Дроздецкий.

Сәуір айының ортасында театр Пензадағы Халықаралық театр фестиваліне "Поминальная молитва" қойылымымен барады. Сәуір айының соңында театрда Михаил Хейфецтің "Rock-n-roll на закате" пьесасы негізінде премьералық қойылым өтеді.