Шет ауданының су басқан ауылдарының тұрғындары үйлеріне оралды

Шет ауданының су басқан ауылдарының тұрғындары үйлеріне оралды

Бүгін, 1 сәуірде су тасқыны салдарынан эвакуацияланған Шет ауданы Ақсу-Аюлы ауылдық округінің Қайрақты ауылының 67 тұрғыны үйлеріне оралды. Жергілікті атқарушы органдар ауыл тұрғындарына көмек көрсету үшін қажетті техника мен адамдарды жұмылдырды. 

Сонымен қатар, Нұраталды ауылдық округінің Ақсу ауылының 119 тұрғыны да үйлеріне қайтады. Олар бірнеше күн туыстарының үйін паналаған болатын.

Қазіргі уақытта Ақсу ауылында жолдар ретке келтірілуде, мотопомпаларды пайдалана отырып, үйлерден су бұру жұмыстары жүргізілуде.

Сонымен қатар Красная Поляна ауылдық округінде 10 адам үйлеріне оралды.

Сонымен қатар, жақын арада су басқан үйлерді арнайы құрылған комиссия және келтірілген залалдың көлемін анықтайтын бағалаушылар тексереді.