31 наурыз 12:00-ге дейінгі автожолдардағы жағдай

31 наурыз 12:00-ге дейінгі автожолдардағы жағдай

Қарағанды облысында жол жамылғысының эрозиясына және еріген су жолдың жүру бөлігінен асып кетуіне байланысты республикалық маңызы бар жолдың 2 учаскесі, облыстық маңызы бар жолдың 3 учаскесі және жергілікті маңызы бар жолдың 1 учаскесі жабық күйінде қалып отыр:

1. Шет ауданы, республикалық маңызы бар «Алматы – Екатеринбург» тас жолының 1610 шақырымында еріген қар суы көп мөлшерде келуіне байланысты жол бойынан су асып кетті (ені 90-100 м, тереңдігі 10-20 см). Жолдың бұл бөлігі жабық, облыстық жол арқылы баламалы бағыт бар. Қозғалысты шектеу учаскелері Ақсу-Аюлы ауылының маңында, 1610-1618 шақырымда (көліктің барлық түрлері үшін) және Новостройка кенті - Балқаш қаласының арасы, 1505-1854 шақырымда.

2. Бұқар жырау ауданы, республикалық маңызы бар «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» жолының 44 шақырымында еріген судың қарқынды ағыны салдарынан су тасқыны (ұзындығы 300 м, ені 40 м, тереңдігі 15 см) орын алды. Жолдың бұл бөлігі жабық. Жол қозғалысын шектеу учаскесі Қарағанды қаласы – Бастау ауылы 17-45 шақырым уческесінде (барлық көліктер үшін);

3. Ақтоғай ауданы, «Ақтоғай – Нұркен» облыстық маңызы бар жолдың бойында жол учаскесі жабық, Ақтоғай ауылы арқылы балама жол бар.

4. Қарқаралы ауданы, облыстық маңызы бар «Егіндібұлақ-Қоянды-Бүркіті» автожолының 67 шақырымында еріген қар суының қарқынды ағысы жол жамылғысын шайып кеткен (ені 10 м, тереңдігі 20 см). Жолдың бұл бөлігі жабық.

5. Шет ауданы, «Ақой-С.Сейфулин-Ақсу-Аюлы-Ақтоғай-Балқаш» облыстық маңызы бар жолдың 134-ші шақырымында еріген қар суы жол бойынан асып кетті (ені 200 м, тереңдігі 30 см). Жолдың бұл бөлігі жабық, облыстық жол арқылы баламалы бағыт бар.

6. Шет ауданы, Нұраталды ауылдық округі, Шопа ауылына кіреберіс жолында қар еріп, Шерубай-Нұра өзені деңгейінің көтерілуі нәтижесінде су тасқыны (ені 300 м, тереңдігі 20 см) орын алды. Шопа ауылына жол жүру шектелген.

Төтенше жағдайлар департаментінің «ОСО» РММ күштері қажет болған жағдайда тұрғындарды құрғақ жерге шығару үшін кезекшілік етуде.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметінің ақпараты бойынша