Қарағанды облысындағы 31 наурыз 12:00-ге дейінгі су тасқыны жағдайы

Қарағанды облысындағы 31 наурыз 12:00-ге дейінгі су тасқыны жағдайы

Қарағанды облысының аумағындағы жағдай тұрақты күрделі. Гидротехникалық құрылыстар штаттық режимде жұмыс істеуде.

30 наурызда облыс аумағында Шет ауданында жергілікті ауқымдағы бір төтенше жағдай жарияланды. Тұрғын үйлерді су басу қаупі бар алты жағдай тіркелді, оның үшеуі Шет ауданындағы үш елді мекенде су басқан. Су басқан үйлерден алдын ала 292 адам эвакуацияланды, оның ішінде 114 бала.

Көктемгі су тасқынынан зардап шеккендердің барлығына көмек көрсетіледі, ешкім назардан тыс қалмайды. Бұл туралы Премьер-министр Олжас Бектенов су тасқынына қарсы іс-шараларды үйлестіру және су тасқыны салдарын жою жөніндегі республикалық штаб отырысында мәлім етті.

Сондай-ақ, облыс аумағында шығапылымы 900 текше метрге дейін Самарқанд, Интумак су қоймаларынан су ағызылуда.

Шерубай-Нұра өзенінде су деңгейінің болжамды көтерілуіне байланысты ТЖД, Қайрақты ауылының ЖАО күштерімен алдын ала 67 адам эвакуацияланды, оның ішінде 32 бала. Олар Ақсу-Аюлы ауылындағы туыстарына орналастырылған. 15 үй су басу қаупі бар аймақта қалып отыр және 9 үй су астында қалды. Елді мекен тарапынан Шерубай-Нұра өзенінің арнасында ұзындығы 600 м уақытша бөгет салу және қаптарды төсеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. ЖАО қызметкерлері арасынан бекет қойылды.

ТЖД базасында департаменттердің, басқармалардың және әкімдіктердің қызметкерлерінен құралған су тасқынына қарсы штаб тәулік бойы жұмыс істеуде.