Қарағандылық Алан Құрманғалиев Бейруттағы WTT Youth Contender халықаралық үстел теннисі турнирінің алтын медалін жеңіп алды.
Теннисші 17 жасқа дейінгі жеке категорияда тамаша нәтиже көрсетті.
Дәл осы кезде қарағандылық теннисшілер Алматыда өткен Қазақстан чемпионатында да өздерін жақсы көрсетті. Жарыс 2009 жылы туған және одан кіші спортшылар арасында өтті. Кеше командалық турнирдің финалдық матчтары өтті, онда қарағандылықтар ұлдар мен қыздар арасында алтын медаль жеңіп алды.
* Ұлдар: Қарағанды – Алматы 3:1.
Асылхан Мағзұмбеков – Әлихан Қадыри 3:0.
Медет Нұрымов – Алексей Маркин 3:0.
Олег Яковлев – Кирилл Берников 0:3.
Асылхан Мағзұмбеков – Алексей Маркин 3:2.
* Қыздар: Қарағанды – Шымкент 3:2.
Мария Лукьянова – Айназ Әділгереева 1:3.
Дарья Фу – Ақниет Амангелді 3:0.
Юрана Ибраева – Руана Шымкентбай 1:3.
Дарья Фу – Айназ Әділгереева 3:1.
Мария Лукьянова – Ақниет Амангелді 3:2.
Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ақпараты бойынша