Балқашта автобус паркінің жылжымалы құрамы жаңартылды. Жолаушыларға ыңғайлы болу үшін тасымалдаушы 22 жаңа автобус сатып алды.
Yutong маркалы жаңа автобустар QazTehna Саран зауытында жиналып құрастырылды. Әрқайсысының сыйымдылығы 80 адамға дейін. Олар мобильділігі төмен азаматтардың қажеттіліктеріне бейімделген: едендері төмен, пандустармен, қауіпсіздік белдіктері бар арбаларды тасымалдауға арналған орындармен жабдықталған. Сондай-ақ, автобустар электронды табломен, өртке қарсы жүйемен, бейнебақылау камераларымен жабдықталған.
– Бүгінгі таңда біз 18 жаңа автобус алдық, тағы 4 автобус жақында келеді. Бұл біздің қаламыздың тұрғындары үшін қуанышты жаңалық. Наурыздаға орай олар жақсы жаңалықпен сүйіншіленді. Автобустар 25 наурыздан кейін маршруттарға шығады, қазір ресімдеу жүріп жатыр, – деді Балқаш әкімі Сапар Сатаев. – Автобустардың салондары өте кең, клиренсі жақсы, аялдамаларда ол мобильділігі төмен азаматтарды қауіпсіз отырғызу түсіру үшін еңкейе алады, сегіз бейнекамера қарастырылған.
Алдағы айларда "Орталық Транс Сервис" ЖШС автобус паркі тағы жеті көлікпен толықтырылады. Қаланың автобус паркі 90 пайызға дейін жаңартылады деп жоспарлануда. Жаңа автобустар қаланың барлық бағыттарына қызмет көрсетеді. Олар ONAY! жүйесінің электрондық валидаторларымен жабдықталған.