"Сарыжайлау" кинотеатрында қандай фильмдер тегін көрсетіледі

"Сарыжайлау" кинотеатрында қандай фильмдер тегін көрсетіледі

Қарағанды "Сарыжайлау" кинотеатрында ұлттық кино күндері өтеді. Акция Наурыз мерекесіне орайластырылған.

18, 19 және 20 наурызда көрермендер "Қазақфильм" алтын қорының картиналарын көре алады. Кіру тегін. Сеанстардың басталуы сағат 13.10-да.

18 наурыз – екі бөлімнен тұратын "Қыз Жібек" көркем фильмі, режиссері Сұлтан-Ахмет Ходжиков. Ержүрек жауынгер Төлеген мен сұлу Жібектің махаббат хикаясы. Картинаның премьерасы 1972 жылы қыркүйекте өтті.

19 наурыз – режиссер Ақан Сатаевтың "Томирис" тарихи драмасы, ол массагет патшайымы мен Ұлы Кир туралы баяндайды. Фильмнің премьерасы 2019 жылдың қыркүйегінде өтті.

20 наурыз – XVIII ғасырдың бірінші жартысындағы қазақтардың жоңғарлармен күресі туралы баяндайтын режиссер Ақан Сатаевтың "Жаужүрек мың бала" тарихи драмасы. Фильмнің премьерасы 2012 жылдың мамырында өтті.

Фильмдер қазақ тілінде орыс субтитрлерімен өтеді.

"Сарыжайлау" кинотеатры Бұқар жырау даңғылы, 32 мекенжайында орналасқан (Кеншілер мәдениет сарайының ғимаратында).