Игі істер уақыты: 2024 жылғы қасиетті Рамазан айы

Игі істер уақыты: 2024 жылғы қасиетті Рамазан айы

Биыл мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айы 11 наурыздан басталады. Сәуірдің 5-нен 6-на қараған түні – Қадыр түні. 10 сәуір – Ораза айт.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төралқасының отырысында пітір садақаның көлемі екі килограмм ұнның орташа құны есебінен 640 теңге мөлшерінде бекітілді.

Аймақтың, қаланың, ауданның немесе ауылдың ораза және намаз кестесін келесі сілтеме бойынша muftyat.kz сайтынан жүктей аласыздар: https://www.muftyat.kz/ru/page/ramadan.

Рамазан айы – игі істердің уақыты.  Қарағанды облыстық "Әнет баба" мешітінде хабарлағандай, өңірдегі мешіттерде түрлі қайырымдылық акциялары өткізіледі: ауызашарлар, азық-түлік тарату және тағы басқалар.