Балқаш алдағы жылдары дамыту үшін қаражат бөлінетін жиырма басым туристік бағыттар қатарына енді. Бұл туралы туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев өткен жылғы туризмді дамыту саласындағы қызметтің қорытындылары және 2024 жылға арналған басым міндеттер талқыланған алқа отырысында айтты.
Басым туристік бағыттардың тізімі 10-нан 20-ға дейін кеңейді. Осы бағыттардың әлеуетін дамыту үшін министрлік жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп инфрақұрылымды дамыту бойынша жол карталарын әзірледі.
Қазақстанның үздік 20 туристік аймақтары:
- Хан Ордасы (БҚО);
- Қарғалы су қоймасы (Ақтөбе обл.);
- Туристік кешен (Қостанай обл.);
- Щучье-Бурабайдағы «Ақбура» курорт аймағы (Ақмола обл.);
- Имантау-Шалқар курорт аймағы (СҚО);
- Баянауыл (Павлодар обл.);
- Катон-Қарағай курорт аймағы (ШҚО);
- Алакөл курорт аймағы (Абай обл., Жетісу обл.);
- Түрген-Қаскелең тау кластері (Алматы қ., Алматы обл.);
- «Көксай resort» (Жамбыл обл.);
- Балқаш (Қарағанды обл.);
- Түркістан (Түркістан обл.);
- Байқоңыр ғарыш айлағы (Қызылорда обл.);
- Ұлытау ауылы (Ұлытау обл.);
- Жылы жағажай (Маңғыстау обл.);
- Сарайшық қалашығы (Атырау обл.);
- Шымкент – гастрономиялық туризм орталығы (Шымкент қ.);
- Туристік аудан (Астана қ.).
ҚР Туризм және спорт министрлігінің ақпараты бойынша