Жас қарағандылық актерлер Тараз киностудиясының фильмдеріне түсті

Жас қарағандылық актерлер Тараз киностудиясының фильмдеріне түсті

Қарағандыда тараздық және алматылық режиссерлер Елжан Жармұхамедов пен Шыңғыс Әбдібектің «Шытырман» және «Мистер & Миссис» фильмдерінің премьерасы өтті. 

Фильмдерде басты рөлдерді белгілі актерлар Руслан Нұрманов, Жәудір Сарыпбекова және Рүстем Жанымановпен бірге қарағандылық балалар – Нәзия Амангелді, Альмира Әбдімәлік, Ариана Көбенова, Еркенұрай Мұхтар, Алан Сун-Ят-Сен және Әли Мұсаев, Нұрдана Аманқұлова, Бауыржан Мейрамов, Аяна Жақсыбайқызы, Ясина Қалқаман, Әлихан Жұмабек, Санжар Сәкенов, Бек Айтқали сомдады.

Kazproduction киностудиясы Елжан Жармұхамедовтың жетекшілігімен шамамен 10 жыл жұмыс істейді. Ол "Сағым" және "Ақша" сияқты фильмдер түсірген (аталған картиналардың соңғысы "КиноАрт-2020" халықаралық фестивалінде бес номинацияға ие болды). Сондай-ақ, киностудияның қоржынында 60-тан астам әлеуметтік роликтер мен қазақстандық эстрада жұлдыздарының клиптері бар.

Kazproduction директорының айтуынша, олар өткен жылы "Танымал актермен кино" жобасында жұмыс істей бастады: оларға бірнеше рет балалар фильмін түсіру туралы ұсыныстар түскен.

– Біз түсіріп көрейік деп шештік. Балаларға белгілі қазақстандық актерлермен бірге ойнауға мүмкіндік берілді. Осылайша "Танымал актермен кино" жобасы дүниеге келді. Жоба басталғаннан бері Тараз, Қызылорда, Қарағанды және Астанада балалар мен актерлар Руслан Нұрманов, Жәудір Сарыпбекова және Рүстем Жаныамановтың қатысуымен 9 фильм түсірілді, – деді Елжан Жармұхамедов.

Қарағандыда Kazproduction киностудиясы режиссер Елжан Жармұхамедовтың "Шытырман" оқиға-драмасын және режиссер Шыңғыс Әбдібектің «Мистер & Миссис» драмасын түсірді.

Барлығы 200-ге жуық бала кастингке келді, олардың 13-і екі фильмге таңдалды.

Екі картинаның да тәрбиелік мәні бар. Егер бір фильм алаяқтықпен алынған ақша жақсы нәрсеге әкелмейтіні туралы айтса, екіншісі сізде бар нәрсені бағалауға және жарнамаға алданбауға үйретеді.

Балаларға бір ай бойы актерлік шеберлік, пластик, камерамен, сценариймен және режиссермен жұмыс істеу үйретілді. Жас актерлер образдарға үйреніп, өз рөлдерін лайықты ойнай алды.

Алан Сун-Ят-Сен "Шытырман" фильмінде Әмірханның рөлін сомдады.

– Маған киноға түсу ұнады. Ия, әрине, актер болу оңай емес. Мен мұны түсірілім кезінде түсіндім. Бірақ мен рөлді мүмкіндігінше жақсы ойнауға тырыстым. Болашақта киноиндустрияда жұмыс істегім келеді, – деп бөлісті Алан.

Ал Альмира Әбдумәлік үшін бұл бірінші тәжірибе емес: ол бұған дейін "Мейрам" киностудиясының "Әкемнің оқиғасы" фильмінде ойнады.

– Мен әрқашан актриса болуды армандайтынмын. Ата-анам мені кастингке апарып, осы мамандықта өзімді сынап көруге мүмкіндік берді. Болашақта "Оскар" алатын актриса боламын деп үміттенемін, – дейді Альмира.

Kazproduction киностудиясының директоры Елжан Жармұхамедов балалармен жұмыс істеу оңай емес, бірақ қызықты екенін атап өтті.

– Балалармен жұмыс жасау арқылы көп нәрсені үйренуге болады. Олар алдауды білмейді. Балалар ойынында өмір бар. Осы кішкентай актерлерді басқа киностудиялар мен режиссерлер көріп, оларды өз жобаларына шақыруы біздің арманымыз, сонда бұл біздің жеңісіміз болады, – деп есептейді Елжан Жармұхамедов.

Премьерадан кейін жас актерлерге грамоталар мен алғыс хаттар табысталды.

Оныншы ақпанда Kazproduction киностудиясы Қарағандыда кезекті кастинг өткізді. Жақын арада біз қарағандылық балаларды үлкен экранда тағы да көреміз.