Бұқар Жырау ауданындағы жағдай туралы

Бұқар Жырау ауданындағы жағдай туралы

Бұқар Жырау ауданының Ботақара кентінде 30 қаңтар сағат 00:07-де екі қабатты 12 пәтерлі тұрғын үйде екінші қабаттағы пәтерде цилиндрлік газ жарылды. Пәтердің үстіндегі шатыр, қабырғалар мен едендер, соның ішінде бірінші қабаттағы пәтерлер толығымен құлады. Сонымен қатар басқа пәтерлер де ішінара зақымдалған.

Тұрғын үйде жалпы 46 адам тұрған, жарылыс кезінде 35 адам болды. 

Апаттық-құтқару жұмыстары кезінде үйінділерден қаза тапқан екі адам және жарақат алған бес адам, оның ішінде үш бала шығарылды.

Жұмыстарға 139 адам және 32 техника жұмылдырылды. Қазіргі уақытта апаттық-құтқару жұмыстары аяқталды.

Аймақтың медициналық мекемелеріне бес зардап шеккендер, оның ішінде үш бала жеткізілді. Екі бала амбулаториялық емделуге жіберілді, бір бала облыстық балалар клиникалық ауруханасына қанағаттанарлық жағдайда жеткізілді. Екі ересек пациенттің біреуі өте ауыр жағдайда (80% күйік шалған), екіншісінің жағдайы қанағаттанарлық. Пациенттерге барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде.

Оқиға орнында жедел штаб ашылды. Қарағанды облысының ТЖД-да (8-7212) 51-72-23 нөмірі бойынша жедел желі телефоны ашылды. 25 тұрғынға шұғыл психологиялық көмек көрсетілді.