
"Террикон алқабы" ІТ-хабы 26 қаңтарда Қарағандыдағы ІТ және digital мамандары арасында биылғы жылдың алғашқы ауқымды іс-шарасына шақырады. Қаңтар айындағы неконференция дәстүрлі түрде онлайн және офлайн форматтарда өтеді.
Мұнда тәжірибе алмасуға, пайдалы байланыстар орнатуға, көптеген жаңа ақпаратты білуге және басқа адамдардың кейстерін үйренуге болады.
Бес спикер шақырылды.
CTO kScooters, R&D Engineer, Data Scientist Иван Кононов қалай Data Scientist болу керектігін айтып береді.
Тағылымдамадан орта деңгейге қалай өтуге болатынын алдыңғықатарлы Software Engineer Борис Дипнер түсіндіріп береді.
Қызметкерлермен жұмыс істеуде пайдалы құралдармен HR-маман Әсия Олжабаева бөліседі.
Ал команданы қалай басқаруға болатынын, тыңдаушылар DataArt компаниясындағы Project Manager Алмас Қарымсақовтан үйренуге болады.
DAR компаниялар тобындағы әзірлеу жөніндегі директор Азамат Далабаев "Айтишниктерге арналған Management" дәрісін оқиды.
Басталуы 18:30.
Қатысушыларды тіркеу terricon.kz.
"Террикон алқабы" ІТ-хабының мекенжайы: Алалыкин көшесі, 12.
Іс-шара Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және мұрағаттар басқармасының қолдауымен өткізіледі.