
Қарағанды зоологиялық паркі қала күніне орай "Менің сүйікті қалам – Қарағанды" сурет байқауын бастады. Шараға 1–11 сынып оқушылары шақырылады.
Сурет А3 форматында жасалуы керек. Мектептің нөмірін, қатысушының тегін, атын, жасын көрсету керек (сурет жағынан емес).
Өз жұмысын Қарағанды хайуанаттар бағына Қарағанды қ., Ермеков к-сі, 111 мекенжайы бойынша әкелу қажет.
Жұмыстар 10 ақпанға дейін қабылданады.
Жеңімпаздарды сыйлықтар күтеді.
Анықтама телефоны: +7-708-535-86-65 (WhatsApp).