Балалар мен ересектерді Жаңа жылдық музыкалық саяхатқа шақырады

Балалар мен ересектерді Жаңа жылдық музыкалық саяхатқа шақырады

Қарағандыдағы "Шалқыма" концерт залында 14 қаңтар күні сағат 12:00-де Еркеғали Рахмадиев атындағы Қарағанды академиялық симфониялық оркестрінің камералық құрамының концерті өтеді.

"Бұл балалар мен ересектерге арналған дәстүрлі жексенбілік концерт. Камералық құрамда Кристина Миллер (скрипка), Анастасия Тимофеева (альт), Ольга Бородина және Мария Минеева (виолончель), Александр Минеев (контрабас), Николай Шкалиберда (кларнет), Валерий Ярмолович (тромбон), Адай Бекбаев (туба), Сергей Сидорчук, Руслан Сувашбаев, Ерлан Баянов (ұрмалы аспаптар) және Яна Евтухова (рояль). Сондай-ақ, концертке Қ. Байжанов атындағы концерттік бірлестіктің солисті Рысты Рахымжан қатысады. Жүргізуші – Людмила Гольская", – деп хабарлады Қ. Байжанов концерттік бірлестігі.

Дәстүр бойынша, концерттен кейін барлық балаларды мандарин тосын сыйы күтеді.

Анықтама телефондары: 41-13-14, 41-22-30.