"Шебер" сәндік-қолданбалы өнер шеберлерін қолдау орталығының қызметкерлері Қарағанды қаласының № 2 арнайы мектеп-интернатының тәрбиеленушілеріне қайырымдылық шеберлік сабағын өткізді.
11 жастан 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер Сәуле Қасенова мен Татьяна Грибанованың жетекшілігімен "Чупа-чупс" жаңа жылдық кәдесыйларын жасады. Балалар өз жұмыстарын туыстарына бермекші.
Сондай-ақ мектеп-интернат оқушылары үшін шағын викторина дайындалды.
Жаңа жылдық мереке тосын сыйсыз болған жоқ. Ақшақар – Сұлу ханшайымы және Заманауи Жаңа жыл тәтті сыйлықтар мен ойыншықтар сыйлады. Ал балалар өлең оқыды қонақтар жаңа жылдық кейіпкерлермен фотосессияға қатысты.
Ұйымдастырушылар – "Шебер" сәндік-қолданбалы өнер шеберлерін қолдау орталығы" ҚБ және ҚР-дағы Fashion House International және World Beauty жаһандық жобасының өкілдігі.