Жанкүйерлер Қарағандыда өтетін бокстан халықаралық турнирге шақырылады

Жанкүйерлер Қарағандыда өтетін бокстан халықаралық турнирге шақырылады

Серік Сәпиев атындағы Қарағанды бокс орталығында 17–21 желтоқсан аралығында Қазақ КСР еңбек сіңірген жаттықтырушысы Ғалым Жарылғаповты еске алуға арналған XXXIX халықаралық турнир өтеді. Біріншілікке Қазақстан, Куба, Марокко, Ресей, Түркия, Ирак және Өзбекстанның үздік боксшылары қатысады.

Құрметті қонақ ретінде келетін атақты спортшылардың және әлемдік ауқымдағы басқа да танымал қайраткерлердің ашылу салтанатында құттықтау сөз сөйлеуі көрермендер үшін жағымды тосын сый болмақ. 

Қарағанды рингінде жеңіске жету үшін 2020 жылғы Олимпиада чемпионы, екі дүркін әлем чемпионы (2019, 2022 жж.), Еуропа ойындарының чемпионы (2023 ж.) – түркиялық атақты боксшы қыз Бусеназ Сурменели бақ сынайды.

Турнирдің ашылуы 17 желтоқсан сағат 15:00-де өтеді. Келесі төрт күнде жанкүйерлер қазақстандық және шетелдік былғары қолғап шеберлерінің қызықты жекпе-жектерін тамашалай алады.

Кіру тегін.

Турнир бағдарламасы:

17 желтоқсан

14:00–18:00 – алдын ала жекпе-жек;

15:00 – ашылу салтанаты.

18 желтоқсан

14:00–19:00 – алдын ала жекпе-жек.

19 желтоқсан

13:00–19:00 – ширек финал жекпе-жегі.   

20 желтоқсан

13:00–19:00 – жартылай финал жекпе-жегі.

21 желтоқсан

12:00–15:00 – финалдық жекпе-жек;

15:00 – жабылу салтанаты.