Кубалық боксшылар Қарағандыда жаттығуда

Кубалық боксшылар Қарағандыда жаттығуда

Қарағандыға Ғалым Жарылғаповты еске алуға арналған халықаралық турнир қарсаңында Кубадан спорттық делегация келді.

Екі апта бойы шетелдік былғары қолғап шеберлері үшін Әлия Молдағұлова атындағы мектеп-интернат-колледж залында оқу-жаттығу жиындары өтеді.

Жиынның қорытындысы кубалықтар мен қарағандылық боксшылар арасындағы спаррингтер болды.

– Кубадан тоғыз спортшы мен екі жаттықтырушы келді. Бұл үлкен болашағы бар талантты спортшылар екенін бірден байқауға болады. Жаттығу жекпе-жегі біздің спортшылар үшін де өте пайдалы. Спаррингке барлығы 30 боксшымыз қатысады. Жарылғаповты еске алу турнирінде 10 адам өнер көрсетеді, тағы жетеуі – халықаралық турнирлердің чемпиондары мен жүлдегерлері. Олар Астанаға жартылай кәсіби жекпе – жектерде Қарағанды облысының намысын қорғауға аттанады, – дейді бокстан Қазақстан құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов.

Куба құрамасының жетекшісі Карлос Перес Қарағандыда бірінші рет келіп отыр. Жаттықтырушының айтуынша команда өзін өте жайлы сезінуде.

– Қарағандыда бізді өте жылы қарсы алды. Біздің делегация мүшелерінің көпшілігі-халықаралық тәжірибе алуға келген жас жігіттер. Олардың арасында өткен жылы Ташкентте өткен әлем чемпионатының қатысушысы бар, жеңімпаздар мен жүлдегерлер бар. Өткен жылы Жарылғапов атындағы турнирге қатысып, сол жерде жеңіске жеткен боксшы да келді. Алдағы жарыс қызықты болады деп ойлаймыз. Өйткені мұнда атақты спортшылар, Олимпиада ойындарының жеңімпаздары мен Әлем чемпиондары жиналады, – дейді Карлос Перес.

Ғалым Жарылғапов атындағы халықаралық турнир 17–21 желтоқсан аралығында Серік Сәпиев атындағы бокс орталығында өтеді. 

Ұйымдастырушылар жанкүйерлерді керемет жекпе-жекті тамашалауға шақырады. 

Кіру тегін.