Қарағандыда мемлекет және қоғам қайраткері Жұмабек Тәшенев сыйлығының жеңімпаздары анықталды

Қарағандыда мемлекет және қоғам қайраткері Жұмабек Тәшенев сыйлығының жеңімпаздары анықталды

Қарағандыда мемлекет және қоғам қайраткері Жұмабек Тәшенев сыйлығының иегерлері марапатталды.

Бұл марапат 15 жылдан бері мәдениет пен әдебиетке, ғылым мен білімге үлес қосқан Қарағанды облысының тұрғындарына, дарынды ақындар мен жазушыларға, қоғам қайраткерлеріне табыс етіліп келеді.

Биыл 20-ға жуық үміткер өтініш берді.

Жұмабек Тәшенев сыйлығының иегерлері:

- «Жылдың үздік қайраткері» – Құрман Қалымов;

- «Жылдың үздік айтыскер ақыны» – Бекарыс Оспанов;

-«Жылдың үздік ақыны» – Серік Сағынтай;

- «Жылдың үздік қаламгері» – Ернар Кейкин;

- «Ғылым мен білімге және ұрпақ тәрбиесіне сіңірген еңбегі үшін» – Рашит Каренов;

- «Оқу-ағарту және ұрпақ тәрбиесіне сіңірген еңбегі үшін» – Тұңғышбай Мұқанов;

- «Жылдың үздік мәдениет және өнер қайраткері» – Сәуле Шибаева;

- «Жылдың үздік тілшісі» – Жанабек Нар;

- «Жылдың атымтай жомарты» – Арман Абеуов;

- «Жылдың үздік белсендісі» – Ернат Мелсұлы.

– Жұмабек Тәшенев қазақ халқының, жалпы еліміздің шығармашылығын дамытуға зор үлес қосты. Бұл марапат мен үшін үлкен мақтаныш, – дейді "Жылдың үздік айтыскері" номинациясының жеңімпазы Бекарыс Оспанов.

Барлық қатысушылар дипломдармен және ақшалай сертификаттармен марапатталды.

Кеште Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері әнші Досымжан Таңатаров өнер көрсетті.