Теміртауда жылу берудің температуралық кестесі сақталуда

Теміртауда жылу берудің температуралық кестесі сақталуда

Теміртауда Ескі қала тұрғындарын жылытатын ҚарГРЭС-1 апатты жағдайға байланысты мазутқа көшті. Температуралық режим сақталып, 86/64 жоспарымен салыстырғанда 87/65 құрайды. Станцияда жанармай қоры жеткілікті.

– Теміртаудағы жағдайға қатысты. Мен кеше түнде сонда болдым. Жедел шаралар қабылданды. Қазір станция штаттық режимде жұмыс істеп тұр, – деді облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев аппарат отырысында.

Жылу беру маусымының барысы туралы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ербол Төлеуов пен қала және аудан әкімдері есеп берді.

– Барлық жеті энергия және жылу көзі қалыпты жұмыс істеп тұр. Теміртау қаласындағы 2-ЖЭО-да бүгінде бес қазандық пен үш турбина жұмыс істеп тұр, №1 қазандық пен бір турбина жөндеуден өтуде, – дейді Ербол Төлеуов.

Оның айтуынша, стансаларда көмір мен мазут жеткілікті.

Ермағанбет Бөлекпаев барлық қазандықтар мен әлеуметтік қамсыздандыру нысандарында тәулік бойы кезекшілік ұйымдастыруды тапсырды.

– Өмірлік маңызы бар нысандардың жұмысына бақылауды күшейту қажет. Тағы да энергетикалық қадағалаумен бірге барлық ЖЭО қараңыз. Төтенше жағдай орын алған жағдайда жедел топтар дайын болуы керек, – деді Ермағанбет Бөлекпаев.