Halyk Банкі Қарағанды және Теміртау қалаларының тірек-қимыл аппараты бұзылған тұрғындарын тасымалдауға арналған автомобильдерге сертификат берді.
Жаңа көлік инватакси ретінде пайдаланылмақ. Автокөліктер гидравликалық ыңғайлы көтергіш пен арбаларды бекітетін құрылғымен жабдықталған.
Арнайы көлік Halyk Банкінің жүз жылдығына арналған "100 игі іс" акциясы аясында сыйға тартылды.
"2019 жылы БҰҰ Халық қоры жүргізген зерттеуге сәйкес, Қазақстанда ерекше қажеттіліктері бар 690 мыңнан астам адам бар. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға әлеуметтенуге ыңғайлы болу үшін Қазақстанда инватакси қызметі енгізілді. Бұл бастама тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдардың өмір сүру сапасын жақсартуға үлкен үлес қосады. Сондықтан Halyk Банк ел бойынша осы қызметтің дамуына өз үлесін қосуды ұйғарды", — деп атап өтті компанияның баспасөз қызметі.
Қарағанды және Теміртаумен қатар инватакси тағы 11 қаласның әкімдігіне беріледі.
Halyk тірек-қимыл аппараты бұзылған адамдарға ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік осал топтарға, балалар үйлері мен мектеп-интернаттарындағы балаларға да көмектеседі.
Акция Қазақстанның барлық өңірлеріне таралады.