Қарағанды қазақ халық аспаптар оркестрі Мұқан Төлебаевтың 110 жылдығына орай кеш өткізбек

Қарағанды қазақ халық аспаптар оркестрі Мұқан Төлебаевтың 110 жылдығына орай кеш өткізбек

7 желтоқсан күні сағат 18:30-да "Шалқыма" концерт залында Тәттімбет атындағы Қазақ халық аспаптар Академиялық оркестрінің концерті өтеді. "Ұлы Мұқанның мұрагерлері" музыкалық кеші композитор, дирижер Мұқан Төлебаевтың 110 жылдығына арналған.

Концертте қазақстандық композиторлардың шығармалары шырқалады.

Бас дирижер – Мәдениет үздігі Ерлан Бақтыгерей.

Дирижер – халықаралық байқаулардың лауреаты Әбілқайыр Сағымбаев.

Мұқан Төлебаев-Кеңес, қазақ композиторы, дирижер, педагог, қоғам қайраткері. КСРО Халық әртісі. Оның алғашқы ұстазы ағасы – ақын әрі  домбырашы Апырбай Әуелбаев болды.

Мұқан Төлебаев 40-жылдары Алматы қаласындағы Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік халық аспаптар оркестрінің дирижері болып жұмыс істеді. 1951 жылы Мәскеу консерваториясын композиция сыныбы бойынша бітірді. Онда ол Н. Мясковский мен В. Фереден білім алған.

Ол 100-ден астам музыкалық шығармаларды өмірге әкеліп, халық әндерін өңдеген. «Біржан – Сара» операсы – оның шығармашылығының шыңы және ХХ ғасырдағы қазақ музыка мәдениеті үшін таң қалдыратын құбылыс.

Е. Брусиловский және Л. Хамидимен бірге Қазақ КСР Мемлекеттік Гимнінің (1945–1992) және Қазақстан Республикасының Гимнінің (1992–2006) музыкасын жазды.

Билеттерді "Шалқыма" к/з кассасынан және ticketon.kz. сайтынан сатып алуға болады

Анықтама телефондары: 41-13-14, 41-22-30.