ALAMAN 2023: Qarağandy атты Қазақстан чемпионатына тіркеу басталды.
Чемпионат екі түр бойынша өтеді: CS2 және FC 24.
CS2-ге бірінші біліктілік 29 қараша басталады. Тіркеу — https://pinger.kz/tournaments/cs2/alaman-2023-qaragandy-cs2-q1/.
Екінші біліктілік 9 желтоқсанда өтеді. Тіркеу — https://pinger.kz/tournaments/cs2/alaman-2023-qaragandy-cs2-q2/.
FC 24-ке бірінші біліктілік 28 қараша басталады. Тіркеу — https://pinger.kz/tournaments/fifa/alaman-2023-qaragandy-fc24-q1/.
Екінші біліктілік 8 желтоқсанда өтеді. Тіркеу — https://pinger.kz/tournaments/fifa/alaman-2023-qaragandy-fc24-q2/.
Ақтық сайыс Қарағандыдағы Серік Сәпиев атындағы бокс орталығында өткізіледі.
Турнир форматы: әр дисциплинадан екі онлайн-біліктілік өтеді. Жалпы алғанда төрт іріктеу болады. Үздіктердің үздігі 15 желтоқсан Қарағанды қаласында офлайн форматта болатын финалға аттанады.
Жүлде қорының жалпы саны 1 500 000 теңгені құрайды.
CS2 ойыншылары арасында 1 200 000 теңге ойнатылса, киберфутболшылар арасында 300 000 теңге ойнатылады.
Тіркеліп, әрі ALAMAN 2023: Qarağandy турнирінің жекпе-жектерін қызыға тамашалаңыздар!
ALAMAN 2023: Qarağandy турнирінің бас серіктесі "Қазақтелеком" АҚ Қарағанды облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер және мұрағаттар басқармасының, "Террикон алқабы" өңірлік IT-хабының қолдауымен.