Қарағанды музыкалық комедиясының солисі Испанияда өткен халықаралық байқауда бірінші орын иеленді

Қарағанды музыкалық комедиясының солисі Испанияда өткен халықаралық байқауда бірінші орын иеленді

Қарағанды музыкалық комедия театрының солист-вокалисі Елена Федорова Испаниядағы Mediterranean Legends халықаралық орындаушылар байқауында (Коста-Брава) "Академиялық вокал" номинациясы бойынша бірінші орын иеленді. Еленаның орындауындағы қазақстандық композитор Серік Еркімбековтің "Дархан дала" әні еуропалық көрермендердің көңілінен шықты.

– Еуропадағы музыкалық байқауға алғаш рет қатыстым, бұл қызықты тәжірибе болды. Негізгі байқау кезеңінде қазақстандық композитор С. Еркімбековтің "Дархан дала" әнін орындауды ұйғардым. Бұл шығарма тыңдаушыларға ұнады. Екінші шығарма Л. Бернштейннің "Вестсайд тарихындағы" Марияның ариясы болды. Гала-концертте Л. Хамидидің "Қазақ вальсі" және Ф. Лоудың "I could have danced" әндері орындалды. Маған өзімнің вокалдық қабілеттерімді көрсетіп қана қоймай, испандық көрермендерді Қазақстанның музыкасымен және көрнекті композиторларымен таныстыру өте маңызды болды, еліміздің бай мәдениетімен бөліскім келді, сонымен бірге тыңдаушыларға түсінікті және таныс болатын, менің жүрегімде де резонанс тудыратын нәрсені айтқым келді. Менің ойымша, мұның бәрі қазылар алқасының менің өнерімді жоғары бағалауына септігін тигізді, – дейді Елена.

Елена ҚАМКТ-да 2006 жылдан бері жұмыс істейді. Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжін және Қ. Молдобасанов атындағы Қырғыз ұлттық мемлекеттік консерваториясын бітірген. Дауысы – сопрано. Елена бірнеше рет аймақтық және халықаралық байқаулардың жеңімпазы болды.