"Шалқыма" концерт залында 11 қараша күні сағат 17:00-де Еркеғали Рахмадиев атындағы Қарағанды академиялық симфониялық оркестрінің концерті өтеді. Солист, Алматыдан келген қонақ – халықаралық байқаулардың лауреаты, қазақстандық скрипка мектебінің жарқын өкілі Динара Базарбаева-Самахан.
Бағдарламада: Тілес Қажығалиев "Дала аңызы" сюитасынан "Қонақтардың келуі", Вольфганг Амадей Моцарт № 41 "Юпитер" симфониясы до мажор, Макс Брух № 1 соль минор оркестрімен скрипкаға арналған Концерт, оп.26.
Дирижер – халықаралық байқаулардың лауреаты Әбілқайыр Сағымбаев.
Билеттерді "Шалқыма" к/з кассасынан немесе ticketon.kz сайтынан сатып алуға болады.
Анықтама телефондары: 41-13-14, 41-22-30.