Костенко атындағы шахтадағы 16:00-ге дейінгі жағдай туралы

Костенко атындағы шахтадағы 16:00-ге дейінгі жағдай туралы

Костенко атындағы шахтада сағат 16:00 жағдай бойынша 32 адамның денесі табылды, 14 кеншіні іздеу жалғасуда.

«АрселорМитталТеміртау» АҚ Көмір департаментінің Костенко атындағы шахтадағы авариялық-құтқару жұмыстарына «Кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы» ЖШС Қарағанды филиалының тау-кен құтқарушылары жұмылдырылды.

Газ жағдайын бақылау, сынамаларды алу, сондай-ақ табылған денелерді шығару жұмыстары жүргізілуде.

Ақпараттық және психологиялық қолдау үшін Қарағанды – (8-7212) 51-72-23 (ТЖД), (8-7212) 49-72-70 ("АрселорМиттал Теміртау") және Астанада – (8-7172) 70-41-08 жедел желісінің телефондары ашылды.

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ көмір департаменті шахталарының жұмысы бір тәулікке тоқтатылды. Осы уақыт ішінде газдан қорғау құрылғылары тексеріледі.

Қарағанды облысы ТЖД