Костенко атындағы шахтадағы 12.00-дегі жағдай туралы ақпарат

Костенко атындағы шахтадағы 12.00-дегі жағдай туралы ақпарат

252 кеншінің 208-і жер бетіне шығарылды, олардың 18-і медициналық көмекке жүгінді. Шахтада 23 кенші қалады. 21 шахтердің денелері табылды.

Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда. Штаб жұмыс істейді.

Костенко атындағы шахтада болған оқиғаға байланысты "АрселорМиттал Теміртау" АҚ ТЖМ және Қарағанды облысының ТЖ Департаментінде ақпараттық және психологиялық қолдау үшін жедел желі телефондары жұмыс істейді (8-7172) 70-41-08, (8-7212) 51-72-23, 49-72-70.

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ