
Теміртаудағы Қарағанды индустриалды университеті Жас кәсіпкерлер мектебінің ашылғанын хабарлайды. Олар тек жоғары оқу орындарының студенттерін ғана емес, сонымен қатар Қарағанды облысындағы мектептер мен колледждердің 9–11-сыныбының оқушыларын да бизнесті дамыту бойынша біліммен нәрлендіруге дайын. Барлық сабақтар тегін болады.
Жаңа мектепке 15 пен 25 жас аралығындағы кәсіппен айналысып, оны дамытқысы келетін жастар шақырылады. Оқытуды ҚИУ оқытушылары мен аймақтық кәсіпкерлер өткізеді. Сондай-ақ студенттер ҚР «Атамекен» ҰКП, Республикалық кәсіпкерлерге көмек көрсету орталығы, Салық басқармасы және Теміртау қаласының жастар ресурстық орталығының өкілдерінен кеңес ала алады.
Оқу форматы – офлайн және онлайн.
Қазір топтар құрылуда. Әр топ қолайлы уақытта аптасына бір сағат оқитын болады.
Қатысушы болу үшін сауалнаманы толтыру керек: https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSdcYsx0zLRuBCjxdcCe4ERdhz_-RU6byJ3jWAKBZHYjPM9e1g/viewform?usp=sf_link.
Мекен-жайы: Теміртау қ., Республика даңғ., 30.
Қосымша ақпарат мына телефон бойынша: 7-700-915-03-38.