Саран қаласының мектеп оқушылары ағаш көшеттері мен гүлдер өсіреді және қаланы көгалдандыруға көмектеседі

Саран қаласының мектеп оқушылары ағаш көшеттері мен гүлдер өсіреді және қаланы көгалдандыруға көмектеседі

№ 17 Саран гимназиясының оқушылары мектеп аумағында шағын дендробақ жасады.

Жас агрономдар тәлімбақта талдың, шетеннің, жөке ағашының, көк шыршаның, қайыңның, боз аршаның және басқа да құнды ағаш түрлерінің көшеттерін және гүл өсіреді.

Мектеп жанындағы дендробақта алғашқы көшеттер 2020 жылы пайда болды. Дәл сол кезде № 17 мектеп-гимназияда "Өмір туралы ғылым" жобасы басталды, оны мекеп басшысының орынбасары және тарих пәнінің мұғалімі Илья Данилов басқарады.

– Менің агрономияда тәжірибем мен білімім бар, өзім жеке секторда тұрамын. Жобаға 40-қа жуық бала қатысуда, – дейді жоба жетекшісі. – Біз ағаш көшеттерін тұқымнан өсіреміз, оларды қалада, саяжайларда жинаймыз. Кейбір тұқымдарды сатып аламыз. Көптеген өсімдіктер алдымен біздің биологиялық зертханаға отырғызылады, содан кейін тәлімбақтарға көшіріледі. Олардың саны алтау, жүйек түрінде жабдықталған. 

Бізде гүлдер өсетін поликарбонатты жылыжай да бар.

Оларды оқушылардың өздері баптап, күтеді, арамшөптерін жұлады, суарады. Көктемде және күзде бақшаға қайта қарау жүргізіліп, қаланы көгалдандыру үшін жас өскіндер мен гүлдер таратылады.

Үш жыл ішінде ағаштар екі метрге жуық өсті.

– Біз тәлімбақтарда бағалы және сирек кездесетін ағаш түрлерін өсіреміз. Бізде көк шырша, қырым қарағайы, қайың, тал, шетен, арша, емен, жөке өседі, – дейді Илья Данилов. – Біз емен ағаштарын жерге жаңғақ күйінде отырғыздық, қайыңдар сырғалардан өсірілді. Үш жылдан бері оларды баптап келеміз. Жылыжайда шырайгүлдер, барқытгүлдер, виолалар өседі. 

Біз оларды алдымен зертханада өсіреміз, содан кейін кішкентай ыдыстарға, содан кейін жылыжайға ауыстырамыз.

Өткен демалыс күндері оқушылар "Сұңқар" стадионының аумағын көгалдандырды, оған 50-ден астам емен және қайың көшеттері отырғызылды. Бұл балалардың қалаға Республика күніне сыйлығы.

– Қаламыз жасыл, әдемі болғанын қалаймыз. Барлық көшеттер тамыр жайып, оларға жақсы күтім жасайды деп үміттенеміз. Өйткені, бұл біздің еңбегіміз, біз оларды сүйіспеншілікпен өсірдік, – дейді 10 "А" сынып оқушысы Людмила Кужина.

Келесі жылы жобаға қатысушылар саябақтарын әртараптандырып, қант үйеңкі, балқарағай және балдыр отырғызғысы келеді.